АТЫРАУДА ХОЛИ ФЕСТИВАЛЬІ ӨТЕДІ ЕКЕН Ақпарат көзі: http://vk.com/wall-74436962_404 2015 жылдың 19 шілде күні алғаш рет Атырау қаласында Холи мерекесі өтетіні жайлы білгенде төбемізден жай түскендей болды. Жас ұрпақтың санасын улап жатқан үнді сериалдарынан арыла алмай жатқанда енді мынау тым шектен шықты. Тұтас ұлт ретінде ұйысып бұл індетке бүгін қарсы шықпасақ, ертең үлкен ұлттық қасіретке айналады. «Мұнда тұрған несі бар? Жастар барып жай ғана көңіл көтеріп қайтатын мереке емес пе?» дейтін болсаңыз, онда бұл мерекенің шығу тарихында білгеніңіз жөн болады. Ел аузында Холи мерекесінің шығуы туралы бірнеше аңыздар бар. Олардың бірінде Холи сөзінің Холика атты әзәзілдің атынан шыққандығы айтылады. Есте жоқ ерте замандарда қаһарлы патшаның ұлы Прахлада Вишнуға табынады екен. Және оны бұл жолдан ешкім тайдыра алмайды. Сонда оның Холика атты әпкесі отқа түсуіне үгіттеп, арбайды. Бірақ, өзі құрған қақпанның құрбаны болған Холика отқа өртеніп кетеді де, Прахлада аман қалады. Осы оқиғаның құрметіне мейрам күні алау жағылып, серуен құрылады. Сонымен қатар, кімнің киіміне бояу көп жалғылса, сол адам жақсылыққа кенеледі делінеді. Жас жігіттер мен өрімдей қыздар бұл күні бір-бірімен әзілдесіп, түрлі-түсті опалармен әлекке түседі. Холи мерекесін Қазақстанда өткізудегі ең түпкі мақсаты Индуизм дінінің Вишнуизм сектасын насихаттау. Бұл Ислам дұшпандарының жасап жатқан жымысқы саясаты, негізгі мақсаты ежелден мұсылман болған қазақ халқының көзін жою. Бүгін жай ғана мейрам, ертең – ұлттық деңгейде атап өтілетін мейрамға айналады. Осылай жалғаса берсе ашық алаңда от жағып, Аллаға серік қосып жатқан ритуал-рәсімдерін көретін күнге жетеміз. Шариғат қағидаларына сүйеніп Ислам ғұламалары христиандардың, яһудейлердің, мәжусилердің мейрамдарын және басқа да шариғатта жоқ мейрамдарды тойлау харам деп айтқан. Және бұл тойлауға қатысу, сыйлықтар жасау, соған байланысты шаралар жасау сияқты әрекеттер де харам болып саналады. Атақты ғұламалардың бірі Ибн-Қайим аль-Джаузия (радыаллаһу анху) айтқан: «Барлық танылған ғұламалар мен 4 негізгі мазһаб жолын ұстаушылар бір ауыздан мұсылмандарға кәпірлердің мейрамына қатысуға болмайды деген пікірге келген». Және де айтты: Умар бин аль-Хаттабтан сахих тізбекпен имам Байхаки жеткізген: «Мажусилер мен кәпірлер мейрамдарын тойлап жатқанда олардың ғибадат ететін жерлеріне жақындамандар да бармаңдар. Өйткені оларға Алла тағаланың қаһары түсіп тұрады». Және де Умар бин аль-Хаттаб олар мейрамдарын тойлап жатқан кезде оларға жақындамауды бұйырғанын жеткізген. Ең ұлы сахабалардың бірі Абдуллаһ ибн Амр (радыаллаһу анху) айтқан: «Кімде - кім кәпірлердің елінде болып, олармен бірге мейрамдарына қатысса, не тойласып, атап өтіп, өлім келгенше дейін соларға еліктеп өтсе (яғни, егер осы қалыпта өліп кетсе), онда ол ақіретте солармен бірге тірілетін болады». Алланың елшісі (салиаллаһу алейһи уассалям) айтты: «Кім қай халыққа еліктесе, ол сол халықтан». Сондықтан егер де қайсыбір мұсылман басқа діннің халқына өздерінің ерекшелігі саналатын істерде еліктейтін болса, ол сол халықтан болып қалады. Олардың мейрам жөнінде сенімдері діндегі жаңалық не Құран түсумен күшін жойған зат. Мұсылман күшін жойған не ойдан шығарылған ұстанымдарға еруге құқығы жоқ. Алла тағала діндегі жаңалық істерді қабыл етпейді және муминнің бұл ісіне разы болмайды. Алла тағала айтады: «Шындығында егерде сендер күпірлік жасасаңдар, Алла сендерге және сендердің жасап жатқан істеріңе мұқтаж емес (яғни, бұл жаман іспен тек өздеріңе ғана зияндық жасайсыңдар) және Алла өзінің құлдарының күпірлік еткендеріне қанағаттанып, разы болмайды, ал егер шүкіршілік етсеңдер, Ол сендерге разы болады». Шындығына келгенде тойлауға қатысу не құттықтау діндегі жаңалықпен не күнаға қатысқанмен құттықтау болып саналады ғой, ал бұндай мұсылман өзін Алланың қаһарына ұшыратқалы тұр. Осыған қоса ол діндегі жаңалықты жақтап, оның таралуына септігін тигізеді. Қазіргі мұсылман жамағатының жағдайына көз салыңызшы, қалайша олар тез адасушылыққа бой алдырып қойады, жаңа жыл, әулие Валентин, 8-наурыз, енді жаңадан қосылғалы тұрған мына Холи мерекесі сияқты және басқа да Ислами емес кәпірлердің ойлап шығарған мейрамдарын тойлауда яһудей, христиандарға еліктеп кетеді. Мұсылмандар қазір сондай әлсіз және кәпірлер мұсылмандарға ықпалын оңай тигізе алады. Бұл Пайғамбарымыз (салиаллаһу алейһи уассалям) айтқандай келіп тұр: «Сендер бұрынғы өткендердің жолымен жүріп, соларға еріп кетесіңдер…» Қазір көріп тұрғанымыздай мұсылмандар яһудей мен христиандарға, мүшріктерге барлық істерде еліктейді, тіпті мейрамдарда да. Ал сіздер олардың мұсылман мейрамдарын тойлағанын көрдіңіз бе өміріңізде? Қай яһудей, қай христиан құрбан айт кезінде құрбан шалады? Қайсысы ораза ұстап, қайсысы ифтар қылады? Соңында, Алладан мұсылман қауымын дәріптеп, оған күш-қуат беріп, қадамдарын нық етіп, оларды Құран мен сүннетті берік ұстаушылардан етуін сұраймын. Бұл Оған қиын емес, шындығында Ол барлығына күші жетуші. Және бұл туралы Алла жақсы біледі. Пайғамбар Мұхаммадқа, жанұясына және оның сахабаларына Алла Тағаланың игілігі мен сәлемі болсын! P.S. Мұсылман бауырларға таратып ескертіңіздер. Әсіресе Атыраулық бауырлар көбірек таратыңыздар!

Теги других блогов: SEO Атырау Холи