Таңғы намаздан кейін
1. «Я, Алла, мені Оттан құтқара гөр» (Аллахумма аджирни мин әл-нар) деп 7- рет
2.Алланың Әл-Азизу есімін 40-рет қайталаса Аллаһ Тағала оның қаржы мәселесінде басқалардан тәуелсізетеді.
3. Алланың Әл-Фаттаху есімін 70-рет қайталаса, жүрегі нұрланады, көңілі шаттанып жай табады.
4 " Кімде-кім таңғы намаздан кейін Ихлас сүресін 11-рет оқыса, ол күні оған бірде-бір күнә жақындамайды. Шайтан азғыруға тырысса да қорғанған болады"
5. Ей, Аллаһ! Шын мәнінде мен Сенен пайдалы ғылым, адал ризық-несібе (Өз құзырында) қабыл болатын амал сұраймын.
6. Аллаһтан басқа ешбір Тәңір жоқ. Ол жалғыз әрі Оның серігі жоқ. Үкәм (шығару) Оған тән, және барлық мақтау-мадақ Оған лайық. Ол тірілтеді әрі өлтіреді. Сондай-ақ, Оның күш-құдіреті барлық нәрсеге толық жетеді. 10-рет
7.Алланың Әс-Сабуру есімін меңгеріп 100-рет айтып, Алланы еске алып зікір етсе, сол күннің бәле-жаласынан аман жіреді.
Тан ертен жане кешке айтатын дұға
1.Алла Елшісінің, (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) , былай дегені риуаят етілген: «Кешкі уақытта кәміл сеніммен «Аллаһуммә Әнтә Рабби, лә иләһа иллә Әнтә, халәқтәни уә әнә `абдукә, уә әнә `алә аһдикә уә уә`дикә мә-стәтағту, ә`узу бикә мин шәрри мә санә`ту, әбуу ләкә бини`мәтикә `әләййа, уә әбу-у би-занби, фәғфир ли фә иннәһу лә йағфиру-з-зунубә иллә Әнта» (Я, Аллаһ! Сен менің Раббымсың, Сенен басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ. Сен мені жараттың, ал мен Сенің құлыңмын. Meн күш-құдіретім жеткенше Саған деген уәдемді, әрі сертімді сақтаймын. Әрі жасаған істерімнің жамандығынан Өзіңе сиынамын. Маған берген нығметтеріңді мойындаймын, әрі күналарымды да мойындаймын. Мені жарылқай гөр! Шын мәнінде, Сенен өзге күнәларды жарылқаушы ешкім жоқ) деп айтып, сол түнде қайтыс болған адам Жәннатқа кіреді; ал, мұны таңертеңгі уақытта айтып, сол күні қайтыс болған адам Жәннатқа кіреді» (Бұхари).
2.Пайғамбар, (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) , былай деген: «Бір күнде "Субханаллахи уа бихамдихи" деп жүз рет айтқан адамның күнәлары теңіз көбігіндей көп болса да кешіріледі» (Бұхари мен Муслим).
Сондай-ақ, басқа хадисте былай делінеді: «Қиямет Күні таңертеңгі және кешкі уақытта «Субхан Аллахи уа бихамдихи» деп жүз рет айтқан адамнан артық амалдарымен тақуа жан болмайды, осы сөздерді осыншама мәрте немесе одан да көп айтқандарды қоспағанда» (Муслим).
3.Алла Елшісі, (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) , мына сөздерімен бізді қуантты: «Таңертеңгі немесе кешкі уақытта: «Аллахумма, инни әсбәхту (инни әмсайту) ушхиду-кя уа ушхиду хамалята 'арши-кя, уа маляикята-кя уа джами'а хальки-кя әннә-кя Әнтә Ллаху ля иляха илля Әнтә уахда-кя ля шәрикә ля-кя, уа әннә Мухаммадан 'абду-кя уа расулю-кя», - деп төрт рет айтқан адамға Тозақ оты харам етіледі».
4.«Кімде-кім ақшам уақытында «Аллаһтың атымен бастаймын. Оның атымен бастағанда көк пенен жерде ешбір нәрсе зиян бере алмайды. Ол – есітуші және білуші» деп үш рет айтса таңға дейін оған ешбір пәлекет жолай алмайды. Егер осыны үш рет таңғы уақытта айтса кешке дейін ешбір бәле тие алмайды» (Нәсәи).
Ол былайша айтылады: «بِسْمِ اللّٰهِ الَّذِي لاَ يَضُرُّ مَعَ اسْمِهِ شَيْءٌ فِي الْأَرْضِ وَلاَ فِي السَّمَاءِ وَهُوَ السَّمِيعُ الْعَلِيمُ
«Бисмилләһил-ләзи ләә ядурру маа исмиһи шәйун фил-арди уә ләә фис-сәмәә уә һуәс-самиъул-алим».
Аталмыш осы дұға ең мықты дұғалардың бірі. Тіпті мықтылығы сол – тілмен айтып жеткізу мүмкін емес. Яғни осыны шын көңілімен таң ертең үш рет айтса күн батқанға дейін ешбір пәленің тиюі әсте мүмкін емес. Осы дұғаны өзінен кейінгілерге жеткізген бір сахаба ауыр бір дертке шалдығады. Сол кезде одан «Қане сен еш бір пәленің кесірі тимейді» деп едің ғой. Ал өзің үлкен дертке душар болдың» деп сұрайды. Сонда әлгі сахаба: «Иә бұл дұғаның қасиетінде шек жоқ. Өйткені осы дұғаны таңертең айтқан адамға кешке дейін Хақ Тағала өз қорғанына алады. Ал мен болсам дәл сол күні аталмыш дұғаны айтқан жоқ едім» деп жауап береді. Сондықтан дұғаға тілім келмейді деген қарапайым халық тым болмағанда осы дұғаны жаттап алып айтып жүрсе екі дүниесіне жетер еді деп ойлаймын. Әрі Аллаһтың қорғанында болған адам сол күні өліп кетсе иншаллаһ иманмен кетпек. Пайғамбарымыз саллаллаhу алейхи уасаллам бір хадисінде адам қалай ғұмыр кешсе солай өледі, ал қалай өлсе күні ертең махшарда солай қайта тіріледі дейді. Ендеше осы дұғаны айтып жүрген адам сол дұғаның қамалы ішінде көз жұмып, сол дұғаны қақпасынан махшарға шықпақ. Осы дұға қабыл болып қиямет күнінде де пендеге ешбір зиян тимейтін болса онда құралайды көзден атып, нысанаға дөп тигізді деген сөз (түсініктеме).
5.«Бисмилләһилләзи лә йәдурру мә’асмихи шәй ун фил әрди уә лә фиссама’и уә хуәссәми’ул алим» дұғасын азанда 3 рет оқығанға кешке дейін, кешке оқығанға азанға дейін ешқандай бәле келмейді.»(Ибн Мажа)
6.Кімде-кім таңертең тұрғанда - «Аллаһты –жаратушы деп , Исламды-дін деп, Мұхаммед саллаллаhу алейхи уасалламды-пайғамбар деп өз ризашылығымды білдірдім.» (Бұл дұғаны таң ертең және кешке 3 қайтара айтып жүрген кісіні қиямет күнінде оны разы ету Аллаһқа тән.)
Тәғәууіз дұғалары
1.Я, АллаҺ Тағала! Өзіңнен құлағымның , көзімнің, тілімнің, жүрегім мен әуретімнің жамандығынан пана тілеймін
2.Я, АллаҺ Тағала! Мен қарызға батудан, дұшпанның басым болудан және дұшпандарға таба болудан Өзіңнен пана тілеймін
3.Я, АллаҺ Тағала! Мен өзіңнен тозақ фитнасы мен азабынан, қабір фитнасы мен азабынан, дүниенің арбауы мен кедейшілік қасіретінен пана тілеймін. Я, АллаҺ Тағала! Қар және бұршақпен қателерімді жуып-шайып, ақ киімді кірде тазартқаныңдай жүрегімді қателерден тазарта гөр! Әрі мені мен қателерімнің арасын шығыс пен батыстың арасын алыстатқандай алыстата гөр! Я, АллаҺ Тағала! Мен жалқаулық пен кәріліктің жамандығынан және күнәҺарлық пен қарызға тап болудан өзіңнен пана тілеймін!
4.Я, АллаҺ Тағала! Мен істеген және істемеген амалымның жамандығынан Өзіңнен пана тілеймін!
5.Я, АллаҺ Тағала! Мен Өзіңнен әлсіздік, жалқаулық, қажырсыздық,сараңдық, кәріліктің жамандығы мен қабір азабынан пана тілеймін! Я, АллаҺ Тағала! Жаныма тақуалықты нәсіп етіп, оны Сенен артық тазартушы жоқ! .Я, АллаҺ Тағала! Мен Өзіңнен пайдасыз білімнен, азабыңнан қорықпаған жүректен, қанағатсыз жаннан және қабыл болмайтын дұғадан пана тілеймін.
6..Я, АллаҺ Тағала! Мен Өзіңнен нығметтің жоғалудан, көз,құлақ т.б дене мүшелерім амандығыңнан айырылудан, азабың кенеттен келуден қаһарың нәсіп ететін барлық нәрседен пана тілеймін!
7. Я, Тәңірім! Күйзеліс, қайғы, әлсіздік, жалқаулық, сараңдық, қарызға бату мен адамдардың ашуынан пана тілеймін
8.Аллаһым амалдарымның соңын қайырлы ет!
9.Ей, Аллаһ! мені харам еткен нәрселеріңнен сақтап, адал еткен нәрселеріңе қанағаттандыр. Әрі Өз кеңшілігіңмен мені Өзіңнен басқаларға мұқтаж етпе.
10. Ей, Аллаһ! Біліп тұрып Саған серік қосуымнан Өзің сақтай гөр! Білмегендерім үшін Сенен жарылқау тілеймін.
БОС УАКЫТТА
1.«Аллаһтан басқа ешбір Тәңір жоқ. Ол жалғыз әрі Оның серігі жоқ. (Бүкіл) мүлік Оған тән, (барлық) мақтау-мадақ Оған лайық. Әрі Оның күш-құдіреті барлық нәрсеге толық жетеді.» « Лә иләһә иллал-лаһу, уәхдәһу лә шәрикә ләһу ләһул –мулку уә ләһул-хамду уә һууә ьалә кулли шәй-ин қадир»-дегенді 100 рет айтқанда бұл сөздер күні бойы шайтаннан қорғайды.
2.Алланың Әл-Ахиру есімін куніне осы көркем есімді 1000-рет зікір етсе Аллаһ Тағаланың махаббаты баурап алады, сол адам ніпсі құмарлықтан арылып, көз жұмғанда иман мен қайтады.
3.Аллаһ-есімін күніне 1000-рет қайталап зікір етсе, иманы берік болады.
4.Ар-Рахману есімін зікір еткен адамның ойлау және жаттау қабілеті күшейеді . Сондай-ақ ол адам қаталдықтан арылады .
5.Алланың Әл-Алиму есімін атап, зікір етіп, жүрсе, Аллаһ Тағала оған білім мен даналық есіктерін ашады.
6.Анас ибн Малик: «Пайғамбарымыз (ﷺ) (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) "Кімде-кім күніне «Лә иләхә иллАллах!», «Субханаллах», «Аллаху әкбар!», «Әлхамдуллилях», сөздерін 100 рет қайталаса,оған 100 құлды азат еткен және 7 қойды құрбандыққа шалғандай сауап беріледі».
«Әлхамдуллилях»-«Аллаға шүкір» деп аударылады.
«Субханаллах»-«Алла тағала кемшіліктен пәк» деген мағынаны білдіреді.
«Аллаху әкбар!»-бұл сөз Әлемдердің Раббы-Алла Тағаланы мақтау, мадақтау болып табылады.Қазақша мағынасы: «Алла ұлы!»
«Лә иләхә иллАллах!»-Алланың жалғыз екенін, оның сыңары да, серігі де жоқ екенін білдіретін сөз, мағынасы: «Алладан басқа тәңір жоқ!»
7.Пайғамбар, (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын), былай деген: «Мүмін ерлер мен әйелдер үшін жарылқау сұраған адамға Алла Тағала әрбір мүмін ер мен әйелдің сауабын жазады» (Тәбәрани).
«Аллахумағ фирли муслимиина уәл муслимаат уәл му’минина уәл му’минат», - деңіз.
8.Сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) 10-рет салауат «Аллаһуммә сали алә сәйидина Мұхаммедин уа алә Әли сәйидина Мұхаммед»
Бесін намазы
1. Бесін намазының төрт рәкағат сүннеті
Алла Елшісі, (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын), былай деген: «Бесін намазының парызынан бұрын және кейін тұрақты түрде 4 рәкағат сүннет оқыған адамға Алла Тозақ отын харам етеді» (Мишкат, Тирмизи, Әбу Дауд, Насаи мен Ибн Маджа).
Түсініктеме:
Мынадай тәртіппен оқыған абзал: 4 рәкағат сүннет намаз, 4 рәкағат парыз намаз, 2 рәкағат сүннет намаз, 2 рәкағат нәпіл намаз.
Екін намазынан соң
Алланың Әл-Ғаффару есімін екінді намазынан соң ; «Иә ғаффару иғфирли»-деп айтып жүрсе, Аллаһ Тағала оны кешірім еткен құлдардың қатарына қосады.
Ақшам намазынан соң
1Тозақ отынан азат болу
Алла Елшісі, (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын), былай деген: «Ақшам намазын оқып болғанда: «Я, Алла, мені Оттан құтқара гөр» (Аллахумма аджирни мин әл-нар) деп 7- рет айтыңдар. Осыны айтып, сол күні түнде дүние салған адамға Тозақ отынан қорғаныш беріледі. Таң намазынан кейін осы сөзді айтып, сол күннің ішінде көз жұмған адамға тозақ отынан қорғаныш беріледі» (Әбу Дауд).
2 Ақшам намазынан кейін алты рәкағат
Алла Елшісі, (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын), былай деген: «Кімде-кім төртінші намаз ақшамнан кейін бесінші намаз Құптанның уақыты кіргенге дейін артық сөз айтпай 6 рәкағат намаз оқыса, 12 жыл ғибадат жасаған адамның сауабын алады» (Тирмизи).
Түсініктеме:
Бұл жерде «артық сөз» деп дүниеуи әңгіме жайында айтылып жатыр.
Бұл намазды екі рәкағат сүннет намаз бен намаздан соңғы зікірден кейін оқыңыз.
3.Аллаһтан басқа ешбір Тәңір жоқ. Ол жалғыз әрі Оның серігі жоқ. Үкәм (шығару) Оған тән, және барлық мақтау-мадақ Оған лайық. Ол тірілтеді әрі өлтіреді. Сондай-ақ, Оның күш-құдіреті барлық нәрсеге толық жетеді. 10-рет
Төсекке жатарда
Төсекке жатарда оң алақанды оң бетке қойып оң жанымен, бетті құбылаға қаратып ұйықтау сүннет болып табылады. Жатарда төсекке дәретті болып жату және жатарда оқылатын дұғаларды оқып жату керек.
Сәйид Абдулхаким Аруаси хазреттері былай деген:
1.Төсегіңе дәретпен, Әузу Бисмилләһ айтып жат! Оң жағыңмен, құбылаға қарап жат! Оң алақаныңды оң жақ жағыңның астына қой! “Әузу Бисмилләһ” пен 1-Аят-әл-күрсиді оқы! Сосын Бисмилләһпен 3-Ихлас, 1-Фатиха, сосын 1-реттен Фалақ және Нас сүрелерін оқы! Кейін 3-рет истиғфар дұғасын, яғни «Әстағфируллаһ-әл-азыйм әлләзи ла илаһа илла һу» деп оқы! 3-іншісінде «әл-хаййәл қаййумә уә әтубу иләйһ» деп қос. Содан кейін 10-рет «Тәуәккәлту алаллаһ уә ла хаулә уә лә қууата илла биллаһ» дұғасын оқы! 10-ыншысын оқығанда «-һил алийул азыйм әлләзи ла илаһә илла һу» деп қосып оқы! Сосын «Аллаһуммәғфир ли уә ли уәлидәййә уә лил-муъминина уәл му’минат», 1-рет «Аллаһумма салли алә сәййидина Мухаммәд», бір рет «Аллаһумма Раббәна атина фиддунйа хасанәтән уә фил ахирати хасанәтән уә қина азабәннар би рахматика йа Әрхамаррахимин», 3, 10, 40 немесе 70-рет истиғфар, яғни «Әстағфируллаһил-азим...» және 1-рет кәлима-и тәуһид, яғни «Ла илаһә иллаллаһ, Мухаммәдун расулуллаһ» деп оқы! (Ислам ахлақы)
2.Әр түні Әмәнаррасулу-ді оқыған адам түндерін ғибадатпен өткізгендей сауапқа қауышады.
3.Түнде жатарда Тәбарәкә сүресін оқыған адам қабір азабынан сақталады, Қадір түнін ғибадатпен өткізгендей сауапқа қауышады.
4. Әр түні Ясин сүресін оқыған адам таңын кешірілген болып қарсы алады.
5.Әр түні жатарда жүз рет «Субханаллаһи уәлхамдулиллаһи уә лә илаһа иллаллаһу уаллаһу әкбар» деп оқыған адам, өзін есепке тартқанда күнәларын кешірткен болады.
6.Хадис шәрифтерде былай делінген:
«Төсекке кіргенде үш рет “Әстағфируллаһ-әл-азыйм әлләзи ла илаһа илла һуәл хаййул қаййум уә әтубу иләйһ” деп оқыған адамның күнәлары, теңіз көбігіндей көп болса да, кешіріледі.» (Тирмизи)
7.«Жатар алдында Фатиха және Ихлас сүрелерін оқыған адам, өлімнен басқа барлық жамандықтан сақ болады.» (Бәззар)
8. «Жатар алдында Мүлк (Тәбәрәкә) сүресін оқымастан ұйықтама! Өйткені өлген жағдайда қабірде саған жолдас болады.» (Әйухәл уәләд Илмихалы)
9.«Құранда отыз аяттық бір сүре бар. Оқыған адамға кешірілгенге дейін шапағат етеді. Ол – “Тәбәракәлләзи би йәдиһил мүлк” деп басталатын сүре.» (И. Ахмед) «Расулуллаһ Сәжде сүресі мен Мүлк сүресін оқымастан ұйықтамайтын.» (Тирмизи)
10.«Жатарда Аятәл Күрсиді оқыған адамға шайтан жақындай алмайды.» (Шәуәхидун-Нубууә)
11.Құрайш сүресін түнде жатарда 11 рет оқу керек.
Тәхәджуд намазы
1.Құптан намазынан кейін немесе аз уақыт ұйықтап тұрғаннан кейін оқылатын нәпіл намазды «түнгі намаз»дейді. Түннің жартысынан бастап, сәре уақытының
аяқталуына дейінгі уақытта тұрып оқылған намазды «тәһажжүд намазы» дейді. Тәһажжүд намазы екі рәкаттан сегіз рәкатқа дейін. Бұл намаз – Аллаһ
Елшісіне парыз. Оның дәлелі мына аят: (Мұхаммед) «Түнде оянып, өзіңе тән нәпіл оқы»260. Осы намазға үмбетін қызықтырғаны жөнінде аяттар бар: (Мұхаммед) «Сөз жоқ, Раббың, сенің әрі сенімен бірге болған біртоптың, түннің үштен екісіне жақынырақ, жартысында, үштен бір шамасында намазға тұрғанынды біледі»261. Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Түнгі намазды үнемі оқыңдар. Өйткені, түнгі намаз оқу – сендерде бұрын өткен салихалы жандардың әдеті. Раббыларыңа бағынудың белгісі. Жамандықтарды бүркеп, күнә жасаудан сақтайды»262, – деп түнгі намазға шақырған.Пайғамбарымыз (с.а.у.) түнгі намазға өте жақсы мән берген. Бірде Ата деген таби’ин Хазірет Айшадан сұрайды: «Аллаһ Елшісінің ерекше бір жағдайын айтып бересіз бе?» Сонда Хазреті Айша: «Оның ерекше болмаған халі бар ма? Бірде түнде бөлмеме келді. Аздан кейін маған қарап: «Бүгін маған рұксат бер, Раббыма құлшылық етейін?», – деді. Дәрет алып, намазға тұрды. Ол қиямда (түрегеп) тұрып көп жылады. Жанарынан аққан көз жасы көкірегіне сорғалап жатты. Рүкүғке
барғаннан кейін де ұзақ тұрып, егіле жылады. Сәждеге барған кезде де халі осылай болды. Аллаһ Елшісінің көз жасы Біләлдің таң намазына хабар берген азан даусына дейін толастамады. Сонда мен: «Пайғамбарым! Аллаһ
Тағала сенің барлық күнәларыңды кешіре тұра, сен неге осыншама жылайсың? – деп едім, ол: «Шүкір еткен құл болмайын ба? Қалай ғана жыламаймын. Аллаһ осы түні маған мына аяттарды түсірді: «Шексіз көктер мен
жердің жаратылуында және түн мен күннің өзгеріп, кезектесіп алмасуында ақыл-ой иелері үшін дәлелдер бар. Олар түрегеп тұрып, отырып, жанымен жатып,
Аллаһты еске алады. Сондай-ақ, олар көктер мен жердің жаратылуы жайлы ойланып, терең толғанып: «Раббымыз! Сен мұны тектен-текке жаратпадың. Сен
пәксің. Бізді от азабынан сақта! Раббымыз! Сен кімді отқа салсаң, сөзсіз оны қорлап, жермен-жексен етесің.Залымдардың ешқандай көмекшісі жоқ. Раббымыз!
Біз «Раббыларыңа иман етіңдер» деп шақырған шақырушыны ести сала иман еттік. Раббымыз!Күнәларымызды жарылқап, жамандықтарымызды
жасыр. Әрі игі жақсылармен бірге жанымызды ал!Раббымыз! Бізге елшілеріңе уәде еткендеріңді бер.Қиямет күні де бізді тастап қор қылма. Сөзсіз, Сен
берген уәдеңнен таймайсың деп тілейді»264. Осыдан кейін «Осы аяттарды оқып, терең ойға батпағанның халі неткен өкінішті!», – деді».